Galaxy смартфондар сериясының он жылдығына орай, Samsung компаниясы келесі модельдің дизайнына байқау жариялады. Жоба Samsung Mobile Design Competition деп аталады. Компания оны Dezeen дизайнерлік журналымен бірігіп өткізіп жатыр. Байқауға кез келген адам Galaxy құрылғыларына қатысты идеяларын ұсына алады.
Байқаудың екі категориясы бар:
– Next Mobile +, мұнда қатысушылар смартфон аксессуарларына (Galaxy Watch, Galaxy Buds), планшеттерге қатысты дизайн-идеяларын ұсынады.
– Next Mobile Wallpaper Paradigm. Бұл категорияда фондық графиканың (интерактив технология, контекстуал анализ) жаңа үлгілері қабылданады.
Next Mobile + категориясының қатысушылары құрылғы дизайнын, концепциясын, техникалық сипатын, иллюстрация немесе видеосын дайындауы тиіс.
Next Mobile Wallpaper Paradigm категориясында сурет, видео немесе APK файл ретінде дайын жобаны ұсынып, Galaxy құрылғыларында қалай қолдануға болатынын көрсету қажет.
Ұйымдастырушылар әр категориядан бес-бес финалистен іріктейді. 2019 жылдың қыркүйегінде олар Samsung компаниясы мен Dezeen журналына жобаларын көрсетеді. Үздіктер $10 мың, екінші және үшінші орын алғандар $5, $3 мың, қалған финалистер 1 мың АҚШ долларына ие болады. Ұсыныстар 4 тамызға дейін қабылданады. Байқаудың толық шарты Dezeen сайтында.