Қазақстанның қай қаласы оқшаулану ережесін жақсы сақтап жүр?

Қазақстанның қай қаласы оқшаулану ережесін жақсы сақтап жүр?
Фото: Tengrinews.kz

Yandex компаниясы "Қалалар изоляциясының индексі" атты жаңа жоба жасады. Мұнда Yandex сервисін пайдаланатын қала тұрғындарының оқшаулану ережесін қалай сақтайтынын 5 баллдық индекстен білуге болады. Yandex сервистерінің дерегін пайдаланып жасалған бұл индекс бойынша Қазақстанның қай қалалары оқшаулану ережесін жақсы сақтап келеді?

Индекстегі балл неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы оқшауланған. 0-2.4 балл – көшеде адам тым көп, 2.5-3.9 балл – көшеде адам көп, 4-5 балл – көшеде өте аз адам/ешкім жоқ деуге болады. Мысалы 13 сәуірде ең жоғары баллға Байқоңыр қаласы ие болған – 4.7 балл. Ал ең төмен көрсеткіш Балқаш пен Өскеменде – 3.3 балл.

13 сәуірдегі дерекке сай Қазақстан қалаларының оқшаулану индексі:

Байқоңыр – 4.7
Ақтау – 4.6
Атырау – 4.4
Қызылорда – 4.4
Ақтөбе – 4.2
Қапшағай – 4.1
Орал – 4.1
Алматы – 4.0
Қарағанды – 3.9
Сәтбаев – 3.9
Қаскелең – 3.8
Семей – 3.8
Тараз – 3.8
Теміртау – 3.8
Жезқазған – 3.7
Нұр-Сұлтан – 3.7
Шымкент – 3.7
Көкшетау – 3.6
Талдықорған – 3.5
Балқаш – 3.3
Өскемен – 3.3

Индекс күн сайын жаңартылып, орташа көрсеткіші өзгеріп отырады. Қазақстан қалаларының индекстегі орташа көрсеткіші – 3,8 балл. Орташа баллы жоғары қалалар тізімінде Семей (4,2), Байқоңыр (4,1), Қарағанды (4,1), Өскемен (4,1), Ақтау (4,0), Алматы (4,0), Теміртау (4,0) қалалары бар.

Орташа көрсеткіші ең жоғары Семей қаласы

Компанияның айтуынша, индекс тек ақпараттандыру мақсатында жасалған және ол нақты есеп пен толық картинаны көрсетуге қауқарсыз. Оны есептеу үшін Яндекс қосымшалары туралы иесіздендірілген деректер пайдаланылады.

Индекс Қазақстаннан бөлек Ресей, Қырғызстан, Украина, Әзербайжан, Молдова, Беларусь, Армения қалаларында бар. Индекстегі ең жоғары көрсеткіш Ташкент қаласында – 4,8. Ал Дағыстандағы Хасавюрт қаласы ең төмен балл алған – 2,7.

Massaget.kz