Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еліміздің ең "ақылды" қалаларының рейтингін түзді.
Министрлік аймақтардағы цифрландыру жұмыстарына баға берген. Зерттеуге 14 облыс орталығы мен республикалық деңгейдегі үш қала алынды. Рейтингті түзу барысында қалалар 11 бағыт бойынша 80 көрсеткішпен бағаланды. Олардың негізгілері мыналар: денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, экология, әлеуметтік және тағы басқа салаларды цифрландыру.
Сондай-ақ әкімдіктің мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру, тұрғын үйлердегі "ақылды" есептеуіш құралдарының болуы, тіркелген стартаптардың саны, зияткерлік көлік жүйесінің енгізілуі, қоғамдық көліктің бағыт-бағдарын мониторингтеу және т.б. арналған қосымшалардың қолжетімділігі назарға алынды.
Қазақстанның ең ақылды қалалары:
1. Нұр-Сұлтан - 61%;
2. Алматы - 61%;
3. Орал - 61%;
4. Қызылорда - 58%;
5. Атырау - 54%;
6. Талдықорған - 54%;
7. Қарағанды - 51%;
8. Шымкент - 51%;
9. Павлодар - 51%;
10. Тараз - 48%;
11. Қостанай - 48%;
12. Өскемен - 45%;
13. Петропавлск - 45%;
14. Түркістан - 38%;
15. Ақтөбе - 35%;
16. Көкшетау - 32%;
17. Ақтау - 32%.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы екі жыл бұрын қабылданып, өңірлерде бірқатар жоба жүзеге асырылды. Әрине, олардың кейбірі тиімді болса, кейбірінің нәтижесі төмен болды. Цифрландыру саласындағы жалпы жағдайды көрсету үшін біз осы рейтингті әзірледік. Бұл сондай - ақ өңірлердің "цифрлық" дамуын ынталандыру үшін қажет", - деп келтіреді Tengrinews.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспановтың сөзін.