Қазақстанда үлкен экранды және тәулік бойы SpO2 бақылау функциясы бар фитнес білезік сатылымға шықты

Қазақстанда жаңа Huawei Band 6 фитнес білезігінің сатылымы басталды. Жаңа өнім жүрек соғу жылдамдығын, ұйқы сапасын қадағалау, стресс деңгейі сияқты денсаулықты бақылайтын функцияларға толы. Бұл кеңейтілген қанды қанықтыратын SpO2 мониторингі бар тәулік бойы бақыланатын алғашқы Huawei фитнес білезігі. Сатылым басталуына орай Huawei Band 6 фитнес білезігін 9-20 маусым аралығында супер баға 24 990 теңгеде ұсынады.

Huawei Band 6 – бұл брендтің 1,47 дюймдік AMOLED экранымен ерекшеленетін алғашқы фитнес білезік. Жаңа білезік сіздің белсенділігіңіз туралы ақпаратты алуға және экрандағы әлеуметтік желілер мен басқа қосымшалардан хабарламаларды оқуға мүмкіндік береді. Фитнес білезік 96 жаттығу режимін және тәулік бойғы қанның оттегімен қанығу деңгейін бақылайды. Бұл оны кез-келген қолданушы үшін олардың белсенділік дәрежесіне қарамастан таптырмас көмекші етеді, - дейді Huawei Device компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы директоры Фан Джинйонг жаңа фитнес білезік жайлы пікірінде.

 

Заманауи дизайн

Huawei Band 6 194×368 өлшемдегі 1,47 дюймдік AMOLED сенсорлық экранымен жабдықталған. Дисплей алдыңғы Huawei фитнес білезіктеріне қарағанда 148%-ға үлкен.

Фитнес бауы қара графит, сакура қызғылт және жасыл түстерде қолжетімді. Оны жасау кезінде ультрафиолет сәулеленуі мен полимерлеу технологиясы қолданылды. Құрылғының корпусы шыны талшықпен нығайтылған полимерден жасалған және жеңіл текстуралы металл жабындысымен толықтырылған.

Екі апталық автономды жұмысты қамтамасыз ететін ықшамдық және қуатты батарея

Батареяның жоғары тиімділігі және энергияны үнемдеудің алгоритмі фитнес білезікке жүрек соғу жылдамдығын және ұйқыны үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар білезіктің қуатсыз 14 күн қызмет ету мерзімін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Huawei Band 6 магниттік қуаттағышпен жылдам қуаттауды қолдайды. "Ақылды білезікті" екі күнде қалыпты пайдалану үшін бес минуттық қуат жеткілікті.

Ағза күйін үздіксіз бақылау

SpO2 қанының оттегімен қанығу деңгейі қауіпті белгіге дейін төмендеген кезде, ақылды білезік пайдаланушыға уақытында қажетті шараларды қабылдауы үшін ақпарат жібереді. Huawei Band 6, сонымен қатар, жүрек соғу жылдамдығын, ұйқы сапасын, стресс деңгейі мен етеккір циклын үздіксіз және дәл бақылайды. Егер тыныштықтағы жүрек соғу жылдамдығы тым жоғары немесе тым төмен болса, пайдаланушыға ескерту жасайды.

Сіздің білегіңіздегі жеке жаттықтырушы

Huawei Band 6 білезігінің спорттық мүмкіндіктері пайдаланушыларға спорттық көрсеткіштерін жақсартуға кең мүмкіндіктер береді. Үйде және ашық алаңда жүгіруді, велосипед айдау мен секірмек арқанмен секіру секілді 11 кәсіби дайындық тәртібі бар. Фитнес, доп ойындары мен би жаттығуларын қоса алғанда, 85 қадағаланатын тәртіп сізге шектеусіз әртүрлі іс-әрекеттерді бақылауға мүмкіндік береді. Huawei Band 6 Huawei TruSport жаттығуларын бақылаудың кәсіби алгоритмін пайдаланады, ол пайдаланушының жүрек соғу жылдамдығы туралы мәліметтер және жаттығу қарқыны сияқты әртүрлі параметрлерді қолдана отырып әртүрлі жаттығуларды орындау қабілетін анықтайды.

Ағза параметрлерін оқытуға және бақылауға арналған функциялардан басқа, Huawei Band 6 музыканы ойнатуды және смартфон камерасының тетігін басқара алады, бұл қашықтан түсіру үшін өте пайдалы.