- Негізгі бет
- Техно
- Қазақстанда i-Sanj атты...
Қазақстанда i-Sanj атты виртуал диктор эфирге шықты
19 ақпан күні Atameken Business телеарнасында i-Sanj атты виртуал жүргізуші эфирге шықты. Ол экономика жаңалықтарын оқып, күнде эфирге шығып отырады.
24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеуге қабілетті жүргізушіге еңбек демалысы, еңбекақы, грим де қажет емес. i-Sanj деп аталатын голограмманның прототипі – актер Санжар Мәди.
Телеарна басшылығы маңызды бағдарламаларды жүргізуде адамдардың орнын виртуал жүргізушілер алмастыруға әлі қауқарсыз екенін айтты. Жоба нейрон желісін қолданатын жергілікті программистердің көмегімен жасалған.
"Мұндай экспериментті көрермен қалай қабылдайтынын, виртуал дикторға қаншалықты дайын екенін білу мақсатында жасадық. Бір жағынан, бұл – имидж жоба, қазір әлемде тірі жүргізушіні алмастырған мұндай бағдарламалар санаулы. Екінші жағынан, қазіргі аудиторияның сұранысын білеміз", - дейді телеарнаның бас директоры Қанат Сахария.
i-Sanj-дың алғашқы эфирін көрген Санжар Мәди өзінің інісін көріп тұрғандай әсер алғанын жеткізді. Актер кибер-жүргізушіге сәттілік тілеп, жауапкершілікті сезініп, өзін жерге қаратпауын өтінді. i-Sanj да әдемі әзілмен жауап берді.
Айта кетейік, алғашқы виртуал жүргізушіні екі жыл бұрын қытайлық China Xinhua News арнасы таныстырған еді.