- Негізгі бет
- Техно
- Қазақстанда Huawei құрылғыларын...
Қазақстанда Huawei құрылғыларын жөндеу тиімді бола түсті
Huawei клиенттері Қазақстандағы сервис орталықтарда 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап құрылғыларды 30% жеңілдікпен сапалы түрде жөндетуіне болады және құрылғыны қолдануға қатысты кеңес алуына болады. Мұндай жеңілдік компания қолданушыларының өтініші бойынша жасалып отыр.
Huawei қолданушыларды қолдап, олардың құрылғыларына қамқорлықпен қарау – кез келген өндірушінің мұраты деп санайды. Huawei қолданушылардың өтініштеріне құлақ асып, сервисті жақсартуға күш салып келеді.
Huawei-дің сервис орталықтарында қызмет көрсетіліп қана қоймай, соңғы модельдегі құрылғыларды тестілеп, кеңес алуға мүмкіндік жасалған. Тауарды сатып алған соң, компанияның кез келген уақытта көмек көрсететінін білу, клиенттердің сенімін арттырады.
Huawei-дің әр сервис орталығындағы қызмет көрсетудің стандарт пакетіне дианостика мен құрылғылардың (смартфон, планшет, смарт-сағат, құлаққап пен білезік) жөндеу жұмыстары кіреді. Жөндеу жұмыстарына кәсіби мамандар жауап береді. Өз құрылғыңыздың жағдайын біліп, диагностика жасатып, мамандардан кеңес алу үшін компанияның ресми сервис орталықтарына жүгініңіз. Жақын орналасқан сервис орталықты білу үшін 6530 (ҚР барлық абонентіне тегін) нөміріне хабарласыңыз.
Серіктес материалы
Massaget