Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде (GCI) Қазақстан бірден 42 сатыға жоғарылады.
Қазақстан өткен жылғымен салыстырғанда өз позициясын 42 орынға көтерген, былтыр 82-орында болған. Нәтижесінде еліміз биыл кибершабуылға төтеп беретін жоғары деңгейлі мемлекеттер қатарына кірген. Рейтингте Ұлыбритания көшбастап тұр, АҚШ екінші орында. Ең соңында Мальдива тұр (175 орын).
ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дмитрий Голобурданың айтуынша, киберқауіпсіздік индексіндегі еліміздің жақсы көрсеткішке қол жеткізуіне мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнестің бірлескен жұмысы әсер еткен.
Securing Sam бағдарламалық жасақтамасының өндірушілерінің мәліметіне сәйкес, Еуропадағы әрбір үйде ғаламторға 14 құрылғы қосылған, ал Америкада олардың саны 17-ге жетеді. Әр құрылғы қаскүнем адамдардың арам ойын іске асыра алады. Әсіресе IP-камералар бақылаушы камерала) көп шабуылға ұшырайды.