Қазақстан қолжетімді үй интернеті бойынша әлемнің 167 елі арасында жетінші орынға ие болды. Бұл туралы finprom.kz жазды.
Қазақстанда қолжетімді интернет-пакеттің орташа айлық құны 11,5 (5 мың теңге) доллар. Рейтингтің көшбасында Украина (бір интернет-пакет үшін айына 7,2 доллар) тұр. Ал ең қымбат интернет Мавританияда елінде. Бұл елде интернет пайдаланушылар айына 773,2 доллар төлейді.
Сарапшылардың пікірінше, интернет құны мен оның халыққа қаржылық қолжетімділігін салыстыратын болсақ, Қазақстан да көшбасшылар қатарында.
WorldData.info орташа кіріс бойынша деректерді салыстыру кезінде Ресей мен Румыния алда екенін анықтады. Бұл елдерде ай сайынғы интернет-топтаманың бағасы табыстың бір пайызынан аспайды. Қазақстан үздік үштікті қорытындылаған. Елімізде интернетке ай сайынғы төлем орташа айлық табыстың небәрі 1,6 пайызын құрайды.
Израиль әлемдегі ең жақсы көрсеткіштерге ие. Бұл мемлекетте интернет құны бойынша небәрі 33-орында (айына орта есеппен 24,5 доллар), бірақ интернет пакеті халықтың орташа табысының 0,7 пайызын ғана құрайды. Ең нашар көрсеткіш Мавританияда. Мұнда орташа интернет-пакет құны жан басына шаққандағы орташа табыстан 6 есе дерлік асып түседі.
Қазақстан Республикасының ішкі статистикасы бойынша 2021жылдың үшінші тоқсанында байланыс қызметінің құны 6,6 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш телефонды да, интернетті де, ұялы байланысты да қамтиды. Елімізде тіркелген интернет абоненттерінің саны бір жылда 6,1 пайызға өсіп, 2,7 миллион бірлікке жетті. Тіркелген интернет абоненттерінің тығыздығы 100 адамға 14-тен келеді.