- Негізгі бет
- Техно
- Карантиннен кейін кеңселер...
Карантиннен кейін кеңселер "екі метр ережесі" бойынша құрылады
Cushman & Wakefield халықаралық консалтинг компаниясы "екі метр ережеге" (6-Feet-Office) негізделген кеңсенің жаңа тұжырымдамасын ұсынды.
Тұжырымдаманы коронавирус пандемиясы кезінде жұмыс орнында инфекцияның алдын алу үшін Голландияның C&W кеңсесі жасаған.
Жаңа тәсіл қызметкерлер мен жұмыс берушілерге жұмыс ортасын әлеуметтік қашықтықтың жаңа талаптарына бейімдей отырып, жұмыс орнында жаңаша орналасуды мақсат еткен.
"Екі метр ережесі" 6 негізгі қағиданы қамтиды:
Бірінші ереже – дезинфекциялау құралдарын қолдану;
Екіншісі – қиылыспайтын жолдар ағымын құру: кеңседе нұсқаулық бойынша қозғалыс орнатылады;
Үшінші ережеге сәйкес жұмыс орындары бір-бірінен 2 метр қашықтықта орналастырылады, ал еденге әр қызметкердің жеке қауіпсіздік шектеулері орнатылады;
Төртінші ереже – кеңседе сағат тілі бағытымен қозғалу;
Бесінші – жиналыс бөлмелеріне барынша көп қызметкерлерді жинамау;
Алтыншы ереже – қызметкерлер күнде үйге ноутбуктарын өздерімен бірге алып кетулері шарт. Олар кеңседегі жұмыс үстелін бір реттік пайдаланатын қағазбен жауып кетуі керек.
Т. Раушанұлы