Бүгінде Жер шарындағы көп нәрселердің бағасы мұнай нарығына байланысты болып қалды. Мұнай қымбаттаса жанармай бағасына әсер етеді. Қала берді бұл доллардың бағасына да өз әсерін тигізеді. Мұның нәтижесінде дүкендегі азық-түлік пен киім-кешек бағасы қымбаттайды. Кейбір дамыған мемлекеттердің валюталары мұнай нарығымен бағаланады. Мұнай, тіпті, мемлекетаралық саяси жағдайларға да әсерін тигізеді. Сонымен, қара алтын Жер шары үшін түбі жоқ байлық па? Ол бітіп қалса, ғаламшарымыздағы өндіріс неден пайдаланады? Біз осы аталған сұрақтар төңірегінде ізденіп көретін боламыз. Мұнай қоры қанша?Статист және аналитиктердің пікірінше, ХХІ ғасырдың ортасына келіп Жер бетіндегі мұнай қорының тек жартысы ғана қалады екен. Мысалы, Ресейде жылына 500 миллион тонна мұнай қазып алынады. Орыстардың мұнай қоры 12 миллиард тонна. Егер Ресей осы қарқында мұнай өндіруді жалғастыра берсе, оның қоры шамамен 30 жылда бітеді. Ал көш басында 46 миллиард тонна қара алтын қоры бар Венесуэла тұр. Бұл мемлекет шамамен тағы да 230 жыл мұнай өндіре алады. Екінші орында Сауд Арабиясы. Олардағы мұнай қоры 36 миллиард тонна болып, 70 жылға жетеді.Статистикаға қарағанда әлем мұнайы орта есеппен тағы да 50 жылға дейін таусылмайды. Мұнай бітсе не болады?Бұл сұраққа екі түрлі жауап бар. Мұнай ресурстары мен мемлекеттердегі мұнай қоры арасындағы айырмашылықты білу керек. Бірінші топқа қазып алынуы қиын ресурстар кіреді. Бұл адамзаттың жаңа мұнай кендерін ашу және өндірудің инновациялық тәсілдерін табуы үшін әлі 50 жылдай уақыты бар деген сөз. Бұл дегеніміз мұнай ешқашан таусылмайды деген сөздің шетін шығарады. Егер адамзат мұнай қазып алудың жаңа жолдарын алдағы 50 жылға дейін таба алмаса не болады? Онда базар нарығын мүлдем жаңа түрдегі өнімдер егелейді. Қара алтын ғасыры бітетін болса, онда басқа энергия көздерін дамытуымызға тура келеді. Бүгінде олардың: жел энергиясы, күн энергиясы, гидроэнергетика, геотермал және атом энергетикасы сынды түрлері бар. Global energy ассоциациясы (оның құрамына әлемнің әр бұрышынан жиырмаға жақын ғалым кіреді) мамандарының айтуынша, 2100 жылға келіп әлем жанармай-энергетика саласындағы мұнай мен газдың үлесі 2,1 және 0,9 пайыз ғана болады екен. Базар нарығындағы энергияның 1/10 бөлігін термоядролы энергетикаға тиесілі. Ал әлем энергияның ширек бөлігін күн есебінен алады. Күн энергетикасыӘлемде күн электрэнергиясын өндіру 2004 жылы 2,6 Твт/сағаттан 2016 жылы 301ТВт/сағатқа өсті. Бұл сала жылдан жылға дамып келеді. Халықаралық энергетика агенттігі эксперттерінің есебіне қарағанда 2050 жылы адамзаттың электрге деген қажеттілігінің 20-25 пайызын күннен энергия алатын қуат көзі қамтамасыз етеді. Соңғы 5 жылда күн энергиясының бағасы 80 пайызға арзандады. Таяу Шығыс осы саланы дамытуға үлкен үлес қосты. 2017 жылы Дубай үкіметі әлемдегі ең ірі күн электр станциясының қуатын 700 МВт-қа дейін арттыратынын мәлімдеді. 2018 жылдың сәуір айында Сауд Арабиясында 200 Ватт электр станциясын салу туралы шешім қабылданды. Аталған ел бұл жобаға 200 миллиард долларарын ойланбастан жұмсайын деп отыр. Бұдан басқа, Қытайда (52 ГГц), АҚШ-та (12,5 ГВт), Үндістанда (9 ГВт), Жапонияда (5,8 ГВт) және Германияда (2,2 ГВт) күн энергетикасы қарқынды дамып келеді. Жел энергетикасыЭнергетика саласындағы тағы бір дамып келе жатқан сала жел энергетикасы. 2016 жылы әлемде желдің жалпы өнімділігі 432 ГВт құрады.Жел энергиясы кейбір елдерде маңызды рөл ойнайды. Мысалы, 2014 жылы Даниядағы электр қуатының 39 пайызы жел турбиналары арқылы өндірілді. Сол жылы Германияда өндірілген электр энергиясының 8,6 пайызын жел генераторлары құрады. Шотландиядағы әр шаруа қожалығы жел энергетикасымен қамтамасыз етіледі. Атом энергетикасыАтом электр станциялары жасыл энергия көзі болып табылады, өйткені, олар атмосфераға өте аз мөлшерде көміртегі шығарады. АЭС жоғары өнім беретін станция болып, олардың жұмыс істеуі үшін қажетті отын шексіз: атом электр станциялары атомнан басқа ядро жанармайы қалдығымен де жұмыс істей береді. Бүгінде әлемдік электр энергиясының 11 пайызын АЭС қамтамасыз етіп отыр. Көптеген ядролық станциялар АҚШ-та, Францияда, Қытайда және Ресейде орналасқан. БиоэнергетикаБиоэнергетика немесе био отын түрлеріне мыналар жатады: үгінді, ағаш қалдықтары, биогаз, сутегі және биодизель. Биоэнергетиканың дамуы қалдық түрлерінің мәселесін де шешуге ықпал етеді. Әлемдегі био отын көлемі 2005 жылы 15,7 миллиард долларды құрады, 2013 жылы ол 97,8 миллиард долларға жетті. Бүгінде АҚШ, Бразилия және ЕО (Еуроодақ) көкөніс және жануарлар майларыннан биоотын өндіруде көшбасшы болып табылады. Ақылды энергияСарапшылар энергияның болашағы ақылды энергияның дамуында деп біледі.Қазіргі уақытта интеллектуалды желілер кейбір елдерде іске қосылды. Бұл желілер интеллектуалды тізім мен қызметтер арқылы басқарылады. Сонымен бірге, өндірушілер мен энергия тұтынушылар арасында энергия алмасу жүйесі құрылады. Нәтижесінде, жүйені интернетке жалғаған сияқты қызметтер мен ресурстар еркін алмаса береді. Энергетикалық жүйе орталықтандырылған ірі энергетикалық электр станциялары арқылы емес, байланыс құралдары арқылы басқарылатын болады.