Ғалымдары мен инженерлер бірлесе отырып, ғарышқа апаратын нағыз лифт салуды көздеп отыр. Бұл бірегей жобаны канадалық компанияның сарапшылары жүзеге асырмақшы.
Мамандардың айуынша, ғарыш кеңістігін көру үшін болашақта адам баласына ракеталар жасап, ғарыш айлақтарын тұрғызудың қажеті жоқ. Наноблоктардан тұрғызылатын мұнара ракеталардың осы функциясын алмастырмақ. Канадалық компания мұнараның ғарыш аппараттары үшін қону-отырғызу рөлін атқара алатынына сенімді.
Бірнеше жыл бұрын осындай лифт туралы жапондықтар сөз қозғап, Жер мен атмосфераны мұнара арқылы байланыстыруды ойластырған болатын. Дерек көздеріне сүйенсек, Жапония ғарышқа апаратын лифтіні 2050 жылға дейін тұрғызуды жоспарлап отыр.
Дереккөз: reactor.inform.kz