- Негізгі бет
- Техно
- Қалай ғарышкер боламын?...
Қалай ғарышкер боламын?
NASA Ай мен Марсқа жоспарланған экспедицияға қатысушыларды күнде іздейді. Денсаулығы мығым, маманданған, арнайы дайындықтан өтуге дайын еріктілерді "Артемида" жобасы іріктейді.
Ғарышкер болам деп ем мен бұрын...
Ай не Марсқа аяқ басқыңыз келсе мүмкіндігіңізді өткізіп алмаңыз. NASA ғарышкер болғысы келетіндерден өтінім қабылдауды бастап, аяқтауға жақын. Бір айта кетерлігі, АҚШ-тың ғарыш агенттігі іріктеуді жиі өткізіп тұрады.
NASA үлкен жоба бастау алдында алдымен ғарышкерлерді іріктейді. Бұл жолы жаңа қызметкерлер "Артемида" жобасы аясында жұмыс істейтін болады. Аталмыш жоба Айға 50 жылдан соң оралуды көздеп отыр.
Дайындық кезеңі
Ғарышкер атану үшін қатаң іріктеуден өту қажет. Оның үстіне өз еркімен қатысушылардың саны жылдан жылға артып келеді. Мысалы, 2015 жылы ғарышкер болуға 18 мыңнан астам адам өтініш білдірген. Алайда екі жылға созылған дайындық кезеңінен тек 11 ғарышкер өте алды.
Бірінші кезекте, өтініш білдіргендер арасынан жобаға қажетті мамандық иелерін сұрыпталып алынады. Оның ішінде, инженерия, биология, физика, математика және компьютер ғылымы бойынша магистр дәрежесі бар адамдарға басымдық беріледі.
Оқу әрі дайындық кезеңі 2021 жылы маусым айында аяқталады. Бұл уақыт ішінде үміткерлер NASA-ның арнайы мектебінде оқып, ұзақ сапарға дайындығын бастайды. Дайындық курсы біткен соң таңдап алынған ғарышкерлер Халықаралық ғарыш айлағына тәжірибе жинауға жіберіледі.
Жоспар
"Артемида" жобасы ғарышкерлерді 2024 жылы Айға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек жылына бір мәрте "Орион" кемесімен ғарышкерлер Ай бетіне барады. АҚШ ғарыш агенттігі Жер серігінде арнайы база құрылып, ғалымдардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасауды мақсат етіп отыр. Ал 2028 жылы жоспар бойынша ғалымдар базада үзіліссіз зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 2030 жылы Марсқа сапар шегуге дайындалады.
XXI ғасырдың үшінші онжылдығы ғарыш жаңалықтарына толы болады деген үміт басым. NASA "Артемида" жобасы аясында Айға сапар шегуді жоспарлап отырса, ғалымдар арасында танымал Джеймс Уэбб телескобы алыс экзоғаламшарлардың сырын ашпақ.