Токиодағы CEATEC көрмесінде Panasonic, Seven Dreamers Laboratories және Daiwa House компаниялары мүлде жаңа құрылғыны көпшілік назарына ұсынды.
Laundroid жуылған кірді өзі жинайды және бүктейді. Аппараттың жұмыс істеу жолы толық сипатталған жоқ. Бірақ өндірушілердің айтуынша, оның ішкі бөлігіне роботтандырылған қолдар орнатылған.
Көрмеде Laundroid жуылып шыққан футболканы 5 минутта бүктеп, жинады. Роботты сатып алуға келер жылдан бастап, тапсырыс қабылданады.
Дереккөз: 24.kz