Жүргізушісі жоқ көлік cынақтан өтуде (видео)

Жақын арада Сингапурдегі көше қозғалысына үлкен өзгеріс енбек. Қала көшелерінде алғаш рет жүргізушісі жоқ таксилер қызмет атқарады деп күтілуде. Егер іске асып жатса, технология тарихындағы ұлы өзгерістердің санатына қосылары сөзсіз.

Сингапурдегі Наньян технологиялық университетінің ғалымдары ойлап тапқан жүргізушісі жоқ көліктер қазіргі таңда қала көшелерінде сынақтан өтуде. Қоғамның игілігіне қызмет атқаратын автокөлікке Induct деген атау беріліп отыр. 

Induct автокөлігі 4 жолаушыға арналып жасалған. Электрлі қозғалтқыштар арқылы қозғалатын көлік сағатына 20 километрді жүріп өте алады. Мамандар бұл жылдамдық қала көшелерінде жүруге қолайлы деп отыр. Өйткені, Сингапурде аталған жылдамдық тұрақты көрсеткіш болып табылады. 

Сонымен қатар, Наньян технологиялық университетінің ғалымдары 8 жолаушыға дейін тасымалдай алатын жүргізушісі жоқ көлікті де жасап шыққан. Бұл автокөлікке Navia деген атау беріпті. "Induct пен Navia сынақтан сәтті өтіп, қоғамдық көліктердің қатарын толықтырып жатса, әлемде үлкен сұранысқа ие болатыны даусыз" - дейді өнертапқыштар. Қазіргі таңда Сингапур халқының жүргізушісі жоқ көлік түріне қызығушылығы арта түсуде. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/rasDXt86ECw","width":"450","height":"300"});

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: novate.ru