Барлық отбасы мүшесі бір компьютер немесе ноутбукті қолданған жағдайда құжаттарыңызды жасырын сақтау қиынға соғады. Сол кезде сізге көмектесіні көзге көрінбейтін, зер салып іздесеме таба алмайтын папкаға сақтау. Оны өз жұмыс үстеліңізде оңай орната аласыз.
Ол үшін алдымен папкаңыздың атауын өзгертіңіз. Білінбеу үшін папканың атауы болмауы тиіс. Сол себептен, атауын өзгертетін аймақты белгілеп «Alt+2+2+5» батырмаларын кезек-кезек басыңыз.
Енді папкаңыздың меншігіне (свойство) өтіңіз. Түрлі терезелерден баптаулар (настройки) бөлігін тауып алыңыз.
Енді белгішені өзгерту батырмасын басып, көрінбейтін белгіні таңдаңыз.
Міне, дайын. Енді құжаттарыңызды сенімді жерде сақтаңыз.