- Негізгі бет
- Техно
- "Жүгіретін жолы" бар...
"Жүгіретін жолы" бар велосипед
«Жүгіретін жолы» бар электрлік велосипед — денсаулығына аса күтіммен қарайтын адамдар үшін өте пайдалы көлік. Жыл өткен сайын өнертапқыштар қиялы шексіз екенін дәлелдеп келеді. Бұл өнертапқыштардың кезекті туындысы орныңыздан қозғалу үшін жүруді қажет етеді. Lopifit атауын алған өнертабыс әлемдегі алғашқы «жаяу жүретін велосипед» болып отыр.
Қай жағынан қарасақ та, бұл концепция дәстүрлі велосипедті басқаша ойлап шығару болғандықтан, әлемдегі электрлік велосипедтер арасынан нағыз төңкеріс тудыратын жаңалық деп ойламаймыз. Бір қарағанда Lopifit велосипед пен жүгіретін жолдың (беговая дорожка) қосындысы болып қана көрінеді. Өндірушілердің айтуынша, Lopifit — жүгіретін жолдағы жаттығулардың барлық артықшылықтарын алумен қатар, ашық ауада жаттығуға керемет мүмкіндік сыйлайды.
Бұл электрлік велосипедке техникалық жағынан қарасақ, құрылғы Quantum электр қозғалтқышымен жасақталған. Соның көмегімен жүгіретін жолда жүру арқылы велосипед орнынан қозғалады. Осы әдіспен қарапайым велосипедке қарағанда 4 есе артық жылдамдықпен жүруге болады. Егер адам қандай да бір баурайдан төмен түсетін болса, автоматты түрде тежегіш және жантаю функциясы қосылып, қозғалтқыш толықтай сөніп қалады. Lopifit қорында 55 км жүріс, жүк қондырмасы, жарықдиодты шамы және батарея көрсеткіші бар. Ол 6 түрлі түсте сатылады.
Мына бейне роликтен Lopifit велосипеді туралы қысқаша ақпарат ала аласыздар.
А. Жапатова