Louis Vuitton сән үйі ұзақ жолға арналған аса сапалы сөмкелері арқылы танымал және оны көпшілік сол үшін бағалайды. Енді жиі саяхаттайтындардың сүйікті сән үйі тиімді қосымша жасап шығарды. Louis Vuitton Echo аталатын трекер жүктің координатасын қадағалап отыруға көмектеседі. Жүктің жүріп өткен жолын көрсететін LV Pass қосымшасы жолаушы діттеген нүктесіне қонған сәтте-ақ ақпарат жібереді. Сондай-ақ, оған бекітілген жарық датчиктері оның ашылған-ашылмағанын анықтауға мүмкіндік береді.