Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта жеткізетін әуе кемесі құрастырылатын болды

Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта жеткізетін әуе кемесі құрастырылатын болды
Фото: google.kz

Әуе кемесінің құрылысы келесі жылы басталады. Америкалық бизнесмен әрі SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск жолаушыларды Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта жеткізуге болатынын айтты.

Бұл туралы ол Аделаидада өткен Халықаралық ғарышкерлер конгресінде мәлімдеген. Сондай-ақ кәсіпкер Марсқа ұшып баратын кеменің құрылысы келесі жылы басталатынын атап өтті.Өнертапқыш бұл кеме BFR (Big Falcon Rocket) зымыраны деген атпен танымал екенін айтады. Ол осы зымыран туралы видеоны Instagram парақшасында да жариялады. «Бұрын ұзақ болған сапарлар енді жарты сағатқа ғана созылатын болады», - дейді ол.

«Жердің кез келген нүктесіне 30 минутта ұшып барыңыздар. Айтуды ұмытып кетіппін, бір жолаушы үшін бұл кемедегі орынның бағасы ұшаққа төленетін бағамен тең», - деп жазды ол Инстаграм парақшасында.

Дереккөз: baq.kz

 

Г. Берік