Ғалымдар әлеуметтік желіге кіру уақытын күніне 30 минутқа дейін қысқарту адам ағзасына айтарлықтай әсерін тигізетінін айтты. Facebook, Instagram және Snapchat секілді әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы болу адамды жалғыздыққа итермелеп, күйзеліске алып келетіні анықталды. Бұндай қорытынды шығарған Пенсильвания университетінің психолог мамандары. Зерттеу барысында 143 студентті екі топқа бөлген. Бірі күнделікі әлеуметтік желіні 6-8 сағаттан қолданса, екінші топ күніне 10 минут қана уақыт бөлген. Бұл режим бойынша үш апта жүрген. Нәтижесінде екінші топ өздерін қоғамға қажетті сезінген. Күйзеліс белгілері де байқала қоймаған. Бұл жағдайдың туындауына себеп адамның ішкі салыстыру әрекеті. Өйткені, әлеуметтік желіде адамдар өзгелерге қарай отырып, оларды өздерінен әлдеқайда жақсы өмір сүріп жатыр деп қабылдайды, дейді зерттеу тобының басшысы Мелисса Хант.