Желіде алдағы уақытта жарыққа шығатын iPhone XI смартфонының суреттері жарияланды. Оның тұсаукесері биыл күзде өтеді деп күтілуде. Бұл туралыiDropNewsхабарлады. Apple компаниясы Face ID сканерінің сенсорларын тікелей алдыңғы камераға біріктіруі мүмкін деп күтілуде. Бұл кесу аймағын азайтады. БАҚ-тың хабарлауынша, болашақ смартфон Apple компаниясының екі SIM-карта салынатын алғашқы мобильді құрылғысыболмақ.Олардың екеуі бір мезгілде төртінші буындағы LTE 4G желісінде жұмыс істей алады және бұл үшін телефон бірден екі радио модульге ие болады немесе алма корпорациясының қызметкерлері бір ғана модульді пайдалануға мүмкіндік беретін ақылды технология жасайды. Мұнымен қоса инженерлер жиектеме (рамка) көлемінбарлық төрт жағынан азайтады, бұл телефон экранының диагоналін 5,9 дюймге дейін арттырады (қазір5.8). IPhone XI смартфоны 5.9 дюймдік Samsung AMOLED экранымен ғана емес, сондай-ақ жаңа 8-ядролы Apple A12 процессорымен және 4 Гб оперативті жадымен (iPhone X-де 3 Гб) мақтана алады.Әрине, негізгі және алдыңғы камералар да жақсарады, бірақ осы мәселе бойынша әлі нақты ақпарат жоқ. ЕгерiPhone XI смартфоны дәл осылай шығатын болса,демек бұл смартфон емес, әр адам үшін арман болары сөзсіз.Екінші SIM-картаға арналған ұяшық және одан да көп шеңберсіз экран Apple техникасына үлкен үмітпен қарап отырған миллиондаған адамдардың назарын аударады. Естеріңізге сала кетейік,іРhone өнімдеріне 2018 жылы өзгеріс жасалады.Apple компаниясының айтуынша, қолданушылар үшін Iphone өнімдерінің қуат көзі тез таусылып қалады және бұл бренд үшін түбі зиянын тигізу мүмкін деген ниетпен, іРhoneбатарейкаларын ауыстыру құнын үш есеге түсірді. Мәселен осы уақытқа дейін қуат көзін ауыстыру құны 79 доллар болса, енді ол 29 долларға дейін түсуі мүмкін.