Британиялық кинорежиссер Тони Кэй жаңа фильмінің басты рөлінде жасанды санамен қамтамасыз етілген роботты ойнатпақшы. Робот-актер түскелі жатқан фильм 2nd Born деп аталады. Режиссер қазіргі уақытта жасанды санамен жұмыс істейтін роботқа актерлік өнердің қыр-сырын, әдістерін таныстырып жатыр. Тони Кэйдің айтуы бойынша, бұл роботтың актерлік шеберлігі адамдардан да асып түсуі мүмкін. Тіпті, Әлемнің ең үздік актері атанып қалуы да ғажап емес. 2nd Born фильмі осыған дейін көрермен назарына ұсынылған 1st Born комедиясының жалғасы. Фильмдегі басты рөлді бірінші маусымда Вэл Килмер ойнап шыққан. Бұл кинотуындыда жас жұптың өмірі баяндалады. Ал енді түсірілгелі жатқан екінші фильмде бірінші маусымдағы актерлердің көбісі өз рөлінде ойнамақ. Кэй мырзаның аталған роботты фильм сюжетіне қалай қосатыны көпті қызықтырып жүр. Кинотуынды түсірілімінің нақты қай уақытта басталатыны, әзірше хабарланған жоқ.