Жасанды интеллект шығарған әндер

Сәуірдің аяғында жасанды интеллектпен айналыстын OpenAI компаниясы JukeBox атты нейрожүйе шығарды. Ол дайын әндер негізінде жаңа музыка жасайды.

Нейрожүйеге белгілі бір ән мақамын, сөзін, стилін енгізу керек. Соның негізінде жаңа музыкаға генерация жасалады. Авторлардың айтуынша, нейрожүйені әлі де жетілдіру керек, себебі нәтиже сапасы төмен, анық емес. Дей тұрғанмен сәтті әндер де бар екен.

Қазір жасанды интеллект дайындаған 7116 ән бар екен. Олар классикалық музыкадан бастап альтернатив рок орындаушыларының музыкасынан өңделіп шыққан. Олардың арасында көпке танымал Sting, AC/DC, Bob Dylan, John Legend, Ed Sheeran, Sia, Shakira сынды әншілер бар.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget │ Өз таңбаңды қалдыр (@massaget.kz)16 Май 2020 в 8:51 PDT