Жапанолиялық инженерлер екі адамдық автомобильге айналатын J-deite RIDE роботын жасап шығарды. Видеодан трансформация процесі көпуақыт алмайтынын көруге болады. Аталған машина-робот Asrates Corp фирмасының инжернерлері тарапынан жасап шығарылды. Компания мамандары осы жоба негізінде 3 жыл зерттеу жүргізді, нәтижесінде 4 метрлі автомобиль-робот өмірге келді. Ол 1 минут ішінде 3,7 метрге тең роботқа айналады. Трансформация үдерісі салон ішінде адам болса да жүзеге аса береді. Роботты жасаушылардың бірі Кензи Исиданың айтуынша, олар анимациялардағы трансформер кейіпкерлерден шабыттанғаннан соң осы роботты жасауды ойлаған. Трансформер автомобиль сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Машинаны қашықтықтан тұрып та басқаруға болады.