- Негізгі бет
- Техно
- Жапонияда өзі жүретін...
Жапонияда өзі жүретін автобус жасалды
Фото:
files.newsnetz.ch
Жапония инженерлері тек электр қуатымен жүретін және адамның басқаруын қажет етпейтін шағын автобус ойлап тапты. Ол 12 жолаушыны баратын жеріне жеткізе алады.
Көлік қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды мінгізіп түсіруге арналған арнайы құрылғымен жабықталған. Сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүретін автобус артқа қарай GPS навигация көмегімен қозғалады.
Жаңа автобустар жолаушыларға осы айында қызмет көрсете бастайды. Өнертапқыш инженерлер бұл автобустармен 2020 жылы Токио Олимпиадасына келген қонақтарды тасымалдамақ ниетте.
Дереккөз: reactor.inform.kz
Е. Жұмабайұлы