Жапонияда қартайып кеткен немесе зейнеткерлікке шығатын шаруаларды біртіндеп роботтармен, қашықтан басқарылатын ауылшаруашылық техникасы және автоматтандырылған кешендерге ауыстыратын мемлекеттік бағдарлама іске қосылды.
Ауылшаруашылығы саласындағы қызметкерлердің орташа жасының ұлғайуы елде азық-түлік тауарын өндіруге қауіп төндіреді. Дамыған елдерде азық-түлік өнімдерін жасайтын мамандардың орташа жасы 60-тан асып кеткен.
Жапония автономдық фермаларды қолдауға 36 миллион доллар қаржы жұмсауды жоспарлап, ол қаржы шаруашылықтарға қажетті роботтардың 20 түрін жасауға жетеді.
Жапонияда шаруа адамның орташа жасы – 67 жас. Соңғы бірнеше жылда өңделетін егістік аумағы екі есеге азайып кетті. Ауылшаруашылығы кәсібі жастарды қызықтырмайды, бұл Жапонияны шет елден жеткізілетін азық-түлікке тәуелді етіп отыр.
Алдағы уақытта шаруаларға күріш алқаптарына арналған автономдық басқарылатын тракторлар беріледі әрі ағаштар басындағы жемістерді жинауға ыңғайлы арнайы экзоқаңқалар ұсынылады.
Дереккөз: inform.kz