- Негізгі бет
- Техно
- Жапония 2025 жылдан...
Жапония 2025 жылдан бастап ұшатын көліктер пайдалануды жоспарлап отыр
2025 жылға қарай жапониялық Japan Airlines авиакомпаниясы ұшатын автомобильдерді толыққанды пайдалана бастауды жоспарлап отыр.
Қолданысқа енетін көліктер өздігінен ұшып-қонатын пилотсыз режимдік жұмыс істейді. Әрқайсысына екі жолаушы жайғаса алады. Бұл немістің Volocopter стартабының жобасы. Автокөліктер 35 шақырым қашықтықта ұша алады. Олардың жылдамдығы сағатына 110 шақырым. Алғашында машиналар жолаушыларды тек әуежай мен Миэ префектурасындағы туристік орындар арасында ғана тасымалдайды.
2025 жылға қарай тағы бір All Nippon Airways аталатын әуекомпаниясы да осындай қызметті іске қосуды жоспарлап отыр және оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. Ұшақтар қазірдің өзінде сынақтан өтіп жатыр. Бірақ Жапонияда әзірге оларды қауіпсіз пайдалануға арналған тиісті заң жоқ. Билік бұл мәселені тез арада шешеді, сондықтан әзірге аралдар арасында жүк тасымалдайтын такси 2023 жылы іске қосылады.
А. Оралқызы