- Негізгі бет
- Техно
- Жапондар қардан электр...
Жапондар қардан электр қуатын өндірмекші
Қардан алынатын электр энергиясы басқа энергия көздеріне қарағанда арзанырақ және экологиялық таза болады. Бұл туралы Nikkei Asia жазды.
Жапонияның Аомори қаласында желтоқсан-наурыз айларында қардан электр қуатын өндіру әдісі сынақтан өтеді. Қала Forte технологиялық стартабымен және Токио телекоммуникация университетімен серіктестікте жұмыс істейді. Қаланың әр жерінен жиналған қар арнайы мектеп бассейніне апарылып, төгіледі.
Жоба авторларының айтуынша, қар мен Күн температурасы электр энергиясын өндірудің негізгі құралы болмақ. Яғни, қарға жылу тасымалдайтын құбырлар қойылады. Сырты күннің температурасымен жылытылады. Температурадағы бұл контраст турбина ішіндегі салқындатқыш суда қозғалыс ағынын жасайды. Бұл ток электр энергиясын өндіру үшін турбинаны айналдырады.
Токио электр және электроника инженерлері университетінің доценті, жобаның авторы Коджи Эноки бұл процестің Күн энергиясы сияқты тиімді электр энергиясын өндіруге пайдалы екенін, сонымен қатар Күн энергиясының құнынан да арзан екенін айтты.
Аомори қаласының үкіметі жолдарды қардан тазарту үшін жыл сайын ондаған миллион доллар жұмсайды. Жиналған қар мұхитқа төгіледі. Қардан энергия алу жоспары өзін дәлелдесе, өнеркәсіптік кәсіпорындарға да пайдалы болмақ. Олар қардан өте арзан электр қуатын ала алады. Жоба авторлары стартапты Еуропаның қары көп аймақтарында сынамақшы.
А. Оралқызы