2014 жылы желтоқсанда Рюгу астероидына ұшырылған Жапонияның Хаябуса-2 (Лашын-2) зонды астероидтан топырақ пен жыныс үлгілері бар капсуланы Жерге жеткізді. Зондтан ажыраған капсула Аустралияның оңтүстігіне келіп қонған.
Құрылғы Жерден 340 миллион шақырым алыс орналасқан астероидтан сынама алу үшін оған 2019 жылы екі рет қонған.
Жапонияға тиесілі іздеу тобы капсула түскен жерге жіберілген. Капсула Жапонияның JAXA ғарыш агенттігіне жеткізіледі.
Хаябуса-2 2014 жылғы 3 желтоқсанда Жапонияның Танегашима аралындағы ғарыш айлағынан Риугу астероидына қарай ұшырылған. Жобаның құны 260 миллион доллар болған. Зонд астероид орбитасында 2018 жылғы маусымнан 2019 жылғы қарашаға дейін 18 ай бойы ұшып жүрген.
2019 жылдың 22 ақпанында зонд одан топырақ үлгілерін алу үшін диаметрі шамамен 900 метр астероидтың бетіне алғаш рет сәтті қонған.
Биыл 5 сәуірде зонд астероидтың ішкі топырағының сынамасын алу үшін одан 500 метр биікте тұрып, астероидты жарылғыш снарядпен атқан. Құрылғы жарылыс кезінде пайда болған геологиялық жыныстарды жинау үшін 11 шілдеде астероидқа тағы қонған.
2019 жылы 13 қарашада зонд астероидтың орбитасынан шығып, Жерге бет алған. Құрылғы капсуланы Жерге тастағаннан кейін, ол Жер мен Марс арасында тұрған 1998 жылғы KY26 астероидына қарай ұшқан. Жоспарға сәйкес зонд 2031 жылы осы астероидтан сынама алу үшін оның бетіне қонады.
Рюгу астероиды (жапон тілінен аударғанда "айдаһарлар сарайы") құрамында көп мөлшерде көміртегі бар С класты астероидтарға жатады. Сондай-ақ мұндай аспан денелерінің бетіндегі топырақ үлгісін зерттеп, ғарыштағы суды су анықтауға болады. Мамандардың айтуынша, бұл ғаламдағы тіршіліктің таралуын түсінуге көмектеседі.