- Негізгі бет
- Техно
- Жаңа "Tesla Model...
Жаңа "Tesla Model 3"-тің артықшылығы
"Tesla" компаниясы басшысы Илон Маск "Model 3" электрокөліктің кейбір техникалық артықшылығы туралы айтып өтті.
Инженерлердің мәлімдеуінше екі қозғалтқыш автомобильдің алдыңғы бөлігіне орналастырылған. Оның бірі қуат үшін болса, екіншісі жылдамдық диапазоны үшін. Электрокөліктің бір қозғалтқышы істен шықса да көлік жүрісін тоқтатпайды. Сізді діттеген жеріңізге алып бара алады.
"Бұл төтенше жағдайларда қалып кетпей, көздеген мекеніңізге жетіп алуға көмек бере алады", – дейді Илон Маск.
Электромобильдің ең жоғары жылдамдығы сағатына 250 шақырым. Жүз шақырымдық жылдамдыққа 3,5 секундта шығады. Толық қуатталған батареясы 500 шақырымға дейін жетеді.
Жаңа "Tesla Model 3"автопилотсыз нұсқасы нарықта 78 мың долларға бағаланып жатыр.
"Tesla Model 3" – "BMW M3" сынды жасалған болып, бірақ одан 15 пайызға жылдамырақ, басқару оңай", – дейді Илон Маск.
Т. Раушанұлы