- Негізгі бет
- Техно
- IT маманы: сұранысқа...
IT маманы: сұранысқа ие болу
Әлем сандық ақпараттар ағымымен болашаққа ілгері жылжып келеді, яғни, IT саласының маманынсыз болашағымызды елестету мүмкін емес. Болжамдарға сүйенсек, 2030 жылға таман бірнеше жаңа мамандықтар қалыптасады әрі барлығы технологиямен тығыз байланыста болады.
IT саласы бойынша білім алушылар саны артып жатыр. Сәйкесінше, бәсекелестер қатары да көбеюде. Солардың арасынан озып шығып, сұранысы жоғары маман иесі болу үшін бүгіннен бастап нені меңгерген дұрыс?
Сандық медицина
2050 жылға таман жасы 65-тен жоғары тұрғындар санының үлесі 20%-ды құрайды деген болжам бар. Ал, халық жасы артқан сайын, медициналық қызметтердің қажеттілігі туындайды.
Бүгінде өзекті бағытқа айналған – 3D технологияларының қолданысы. Алдыңғы қатарлы медициналық орталықтар 3D басып шығару технологиясымен қатар, науқастың ұлпалары арқылы ағза өсіру үшін қолданатын 3D көшірме технологиясын пайдаланады.
Сіздің қолыңыздан келеді: медициналық құрылғылардың сәулетшісі болу, медициналық роботардың операторы, нейроинтерфейстердің жобасын жасау, гендерді өңдеудің маманы.
Жасанды зияткер
Мұғалім, жүргізуші, маркетолог деген мамандықтарды есіңізден шығарыңыз. Болашақта дәстүрлі мамандықтарды жасанды зияткер иелері алмастырады. Қазірдің өзінде автоұшқыштар адамның орнына көлік жүргізіп, роботтар диктант жазғызып жүр.
Қарапайым мессенджерлердегі боттардың өзі жасынды зияткердің қалыптасып, адамдармен қарым-қатынас орната бастағанын дәлелдейді.
Сіздің қолыңыздан келеді: роботтардың дизайнын қалыптаструшы, нейрожүйені құрастырушы.
Интернет бөлшегі және виртуальды әлем:
Интернетті адам күнделікті өмірде қолданады. Verizon компаниясының болжамына сүйенсек, алдағы төрт жылда Жер тұрғындары қолданатын құрылығының минимум біреуі желіге қосулы болмақ.
Интернет бөлшегі тек интернет қана емес, осы уақытқа дейін қолданыста болған Bluetooth секілді бағдарламалар арқылы да жасалады. Заманауи технологияның негізгі міндеті – техниканы дұрыс қолдану мүмкіндігін арттыру: ақылды тетіктерді басқару, бағдарламалар ағынынан қалмау және компьютер моделін адами болмысқа енгізу.
Сіздің қолыңыздан келеді: жасампаз ғимараттардың сәулетшісі болу, ақылды жолдарды салу, зияткер энергожүйенің инженері болу, виртуальды әлемнің сәулетшісі болу.
BIM-технологиясы
BIM-технологиясы (құрылыстағы ақпараттық үлгі) Ұлыбритания, Сингапур, Норвегия және Қытай секілді елдерде мемлекеттік стандарт ретінде енді.
BIM жобалау жұмысына атсалысатын барлық қызметкерлердің басын қосатын кеңістіктің бөлінуімен ерекшеленеді. Соның ішінде, құрылыс саласы: сауда үйлері, жолдар, тұрғын үй кешені. Бұл шығындарды басқарумен қатар, барлық жұмысты тиімді атқаруға септігін тигізеді. Осы жұмыстарға виртуальды-шынайы әлемнің қызметін қоссақ, тек жұмысшы емес, тұтынушы да үрдісті өз бақылауында ұстай алады.
Сіздің қолыңыздан келеді: BIM-менеджер немесе BIM-инженер болу.
Көштен қалып қоймаңыз, оқыман!
Т. Есқали