- Негізгі бет
- Техно
- Ишарат тілін дауысқа...
Ишарат тілін дауысқа айналдыратын қолғап
АҚШ-тың екі тапқыр баласы мылқау адамдар ишарат тілін түсінбейтін адамдармен еркін сөйлесу үшін қолғап ойлап тапқан.
Құрылғы қолдың бағыты мен қимылын есептеп, қабылдаған ақпаратты Bluetooth арқылы компьютерге жібереді. Содан соң арнайы алгоритмдер арқылы бағдарлама ақпаратқа анализ жасап, оны дауысқа айналдырады.
Бұл құрылғыны ойлап тапқан балалар өздерін бұл саладағы алғашқы жаңалық ашушы деп санап отырған жоқ. Себебі мылқау адамдарға көмектесетін құрылғылар осыған дейін де болған. Алайда олардың әрқайсысының кемшіліктері бар. Мысалы, біреулері ақпарат беру үшін мәтін қолданса, екіншілері күнделікті өмірге тасып жүруге ыңғайсыз болған.
Вашингтон университетінің студенттері ойлап тапқан қолғапты қиындықсыз қалтаға салып жүруге болады. Оны күнделікті аксессуар ретінде қолдана алады. Құрылғыны ойлап тапқан Навид Азоди және Томас Приор атты студенттер бұл өнімі үшін 10 мың доллар көлемінде грант ұтып алған. Сондықтан олар бұл жобаны жалғастырып, сатылымға шығаруы әбден мүмкін.
Мына видеодан қолғаптың ишарат тілді дауысқа айналдыр үдерісін көре аласыздар.
А. Жапатова