- Негізгі бет
- Техно
- "iPhone" құрылғысын сатпас...
"iPhone" құрылғысын сатпас бұрын
Өзіңіздің құрылғыңызды сатпастан бұрын, мына кеңестерге құлақ асқаныңыз жөн.
1. Құрылғыңыздың қосымша көшірмесін дайындаңыз: телефонды USB арқылы компьютерге жалғап, iTunes-ке кіріңіз, тізімнен құрылғыны таңдап, «Көшірмесін жасау» (Создать копию сейчас)
2. Барлық суреттерді өшіріңіз. Егер сіздің компьютеріңіз macOS бағдарламасын арқылы болса онда, құрылғыны оған жалғап, «Фото» бағдарламасына еніп, керек суреттерді таңдап «Таңдалған белгілерді импорттау»(Импортировать выбранные) деген батырманы басыңыз. Импорттан соң «Удалить фотографии с вашего iPhone» батырмасын таңдаңыз.
3. Егер сізде Windows болса, онда құрылғыны компьютерге жалғап, келесі бағыт бойынша жүріңіз: «Пуск» → «Фотографии» → «Импорт» → «С USB-устройства», кейін берілген нұсқаулық бойынша жұмыс істеңіз. «Удалить фотографии с устройства после импорта» нұсқаулығының жанына қанат белгісін қоюды ұмытпаңыз.
4. Imessage қызметін өшіріңіз: «Настройки» бағдарламасын ашыңыз → «Сообщения» → «iMessage» → «Выключить».
5. FaceTime қызметін өшіріңіз: «Настройки» бағдарламасын ашыңыз → «FaceTime» → «Выключить».
6. Icloud-та өзіңіздің тіркеу жазбаңызды өшіріңіз: «Настройки» бағдарламасын ашыңыз → «iCloud» → «Выйти».
7. Apple ID-ден шығыңыз: «Настройки» бағдарламасын ашыңыз→ «iTunes Store и App Store» – «Apple ID» кіріңіз → «Выйти».
8. Бастапқы баптауды қалыпқа келтіріңіз: «Настройки» бағдарламасын ашыңыз → «Основные» → «Сброс» → «Стереть контент и настройки».
Іске сәт!