- Негізгі бет
- Техно
- iPhone-ға тағамтанушы функция...
iPhone-ға тағамтанушы функция орнатылды
iPhone-ның кезекті жаңартылуы шықты. iOS 15-ке қосылған жаңа функциялардың бірі – күнделікті тамақ рационын есептеу қызметі.
Аталмыш функция Apple смартфондарының операциялық жүйесіне арналған әрі "Денсаулық" (Health) сервисіне қосылды. Функция кәдімгі күнделікке ұқсайды, күндіз-түні ішкен тамақтың рационын жазып отырады. Соның арқасында адам күнделікті қанша калория тұтынып, қандай тамақ жегенін біліп отырады.
Жаңа қызметтің тағы бір пайдасы бар. Адамның бір күнде қанша адым жасап, қанша шақырым жүргенін есептеп, оның бір күнде тұтынған тағамның рационымен қосып, есеп-қибасын шығарып отырады.
Қосымшаны App Store дүкенінен жүктеп алып, "Денсаулық" сервисімен қосып қоюға болады. Ал тамақтың рационы мен калориясын білу үшін тағамның штрихкодын сканерлеу керек.
Жаңартылуға қосылған қызметтің тағы бірі – түнгі режім. iMessage қосымшасы жаңартылып, қолдану интерфейсіне жаңашылдық енгізілді.
Қ. Слямбек