Интернетте жаңа iPhone смартфонының суреті пайда болды

Интернетте жаңа iPhone смартфонының суреті пайда болды
Фото: tengrinews

Интернетте жаңа iPhone смартфонының суреті пайда болды.

Дереккөздің мәліметінше, iPhone 5s телефонының жетілдірілген нұсқасы наурыз айында ресми таныстырылады. Жаңа телефон iPhone 5 гаджетінің қасында түсірілген. Дегенмен оның дизайны iPhone 6 смартфонына ұқсайды. Телефонды қосу батырмасы телефонның оң жағына орналастырылған, ал телефон дауысын реттейтін батырмалар аздап кішірейтілген. 

Айта кетейік, жаңа гаджеттің экраны iPhone 5s телефоны экранының көлемімен шамалас, ал процессор мен камерасы iPhone 6 смартфонынына ұқсайды. Бұл құрылғы нарықта iPhone 5s бағасымен сатылады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін