Инстаграм: үздік 5 #хэштег

Инстаграм: үздік 5 #хэштег
Фото: dheerajkumar.com

Қазір инстаграм әлеуметтік желісінде тек адамға ғана емес, бәрімізге белгілі хэштегтерге жазылып, сол бойынша жарияланған ақпараттың куәгері болу мүмкіндігі бар. Бүгін шығармашылыққа жақын адамдар үшін арнайы инстаграмдағы үздік 5 хэштегті назарларыңызға ұсынамыз. Хэштегке жазылып, қызықты ақпараттан құр қалмаңыз.

•1 #IDEAHUB
Қазақ және әлем фотографтарының ерекше суреттері жарияланатын бұл хэштегтің мағынасы идеялар ортасы дегенді білдіреді. Яғни, фотографтар суретке түсіріп қана қоймай, өздерінің қызықты идеяларымен осы хэштегті тегтеу арқылы бөліседі.

sd

•2 #mnarbayeva
Қазақстандық жас суретшінің ерекше туындыларымен, оның инстаграм парақшасына жүктейтін сан алуан шығармашылығымен таныс болыңыз. Майлы бояуды жанына серік еткен қыздың жұмыстары көңіліңізден шығатыны анық.215

•3 #ТагыдаПапа
Инстаграмның Бақытжан есімді қолданушысын бәріміз жақсы білеміз. Өйткені, ол өзінің парақшасына әкесімен арасындағы қызықты диалогтарды салып отырады. Әкесінің әзілдері мен баласының орынды жауап қайтара білуі көптеген қолданушы таңғалдырған болатын. Бұл  хэштег арқылы сол диалогтарға күәгер бола аласыз.
sd • 4 #instafood
Тамақ дайындағанды жақсы көретін адамдарға арналған таптырмас кеңестер мен видео-үлгілерді осы хэштег арқылы таба аласыз. Бұл жерде тағам дайындау әдістері бірнеше тілде кездеседі. Олардың арасынан жапон тіліндегі, қазақ тіліндегі тағам құрамын да табуға болады.55 •5 #massagetkz
Сайтымызда жарық көрген ақпараттарды енді дәл осы хэштегке жазылу арқылы көре аласыз. Одан бөлек, масссагет сайтының қонақтары, оқырмандары мен жазылушыларымыз жариялаған ақпараттарда дәл осы хэштег арқылы берілген. \445

Т. Есқали