Instagram-дағы тікелей эфирді қалай жүктеп алуға болады?

Instagram-дағы тікелей эфирді қалай жүктеп алуға болады?
Фото: freepik.com

Instagram қосымшасы тек өз тікелей эфиріңді жүктеуге мүмкіндік береді. Өзге қолданушының эфирін сақтайтын функциясы жоқ. Сондықтан қосымша құралдарды пайдалану керек.

Бірінші тәсіл – смартфон экраны мен дыбысын жазатын қосымша функция немесе бағдарлама арқылы жазып алу.

Екінші тәсіл – Telegram мессенджеріндегі SaveZBot ботын пайдалану. Бұл бот қолданушы 24 сағатқа сақтап қойған эфирдің сапасын жоғалтпай жүктеп береді. Сонымен бірге бот көмегімен парақшасы ашық кез келген Instagram-аккаунттың IGTV-видеосын, Stories, Highlight-stories, аватарын жүктеуге болады. 

Massaget.kz