SpaceX иесі Илон Масктың айтуынша, Марста негізін қалау жоспарланған колонияда Жердегі заңдар мойындалмайды. Daily Mail-дің хабарлауынша, кәсіпкер ғаламшарды еркін және ашық деп жариялады.
Мұндай мәлімдеме Starlink интернет-компаниясының қызметтерін тестілеу кезінде айтылды. "Басқару ережелерінде" компанияның Жер мен Айдан тыс аумақта Жер заңдарын орындауға ниеті жоқ екені айтылған. Оның орнына ерікті түрде қабылданатын өзін-өзі басқару принциптері енгізіледі.
Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары
Бұл қызмет көрсету шарттарын Twitter қолданушылары Илон Маск Марста автономды қала және планетаның айналасында спутниктік жүйені құру жоспарын жариялағаннан кейін бір апта өткен соң жариялады.
Бұған дейін SpaceX басшысы Starship зымыраны 2024 жылы Марсқа ұшуы мүмкін екенін мәлімдеген. Масктың ойынша, Марстағы колония Үшінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін салынуы керек, әйтпесе басқа мұндай мүмкіндік болмауы мүмкін.
Илон Маск 2050 жылға дейін қызыл планетаға миллион адам жіберуді жоспарлап отыр.