Илон Маск Лос-Анджелестегі туннельдің құрылысын аяқтады

Илон Маск Лос-Анджелестегі туннельдің құрылысын аяқтады
Фото: thearchitectureinsight.com

Америкалық миллиардер Илон Масктың The Boring Company компаниясы Лос-Анджелестегі туннель құрылысын аяқтады. 3,2 шақырымнан тұратын туннелді қазуға 2 жылдай уақыт кетті. Оның пайдалануға берілетіні туралы Маск твиттер парақшасында мәлім етті.

Бұл туннель алғашқыда автокөліктер үшін салынған еді. Бірақ Илон Маск бұл идеядан бас тартып, оны жаяу жүргіншілер, қоғамдық транспорт, велосипедшілер жүретіндей етіп өзгертті. Туннель 10 желтоқсан күні ресми түрде ашылады. Бірінші күні оған кіру тегін, кейін 1 доллар болады.

Масктың айтуынша, туннельде алғашында автомобильдер жүргенімен, уақыт өте келе капсулалар қолданылатын болады. Сондай-ақ, компания Вашингтон мен Балтимор арасында 16,5 шақырымнан тұратын туннель қазуды да жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Чикагода да туннель қазу жобасы қарастырылып жатыр.


Т. Раушанұлы