Америкалық инженер Илон Маск әлемге бірнеше жыл бойы дайындаған Starship ғарыш кемесін таныстырды. Техастағы SpaceX-тің Бока-Чика полигонында өткен презентация 29-нан 30-на қараған түні YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Starship прототипінің биіктігі – 50 метр, диаметрі – 9 метр, ішіне қуатты үш Raptor қозғалтқышы орнатылған. Бортына 100 адам сыятын ғарыш кемесі планетааралық тасымалға (саяхатқа) арналған. Илон Масктың айтуынша, Starship Жер орбитасына 6 айдан кейін шығады, ал адамдарды тасымалдау 2021 жылға жоспарланған.
"Келесі сынақ кезеңі – 20 километр қашықтыққа ұшып, Жерге қайта қондыру. Бұл сынақ шамамен екі айдан кейін болады", - дейді Илон Маск.
Starship will be the most powerful rocket in history, capable of carrying humans to the Moon, Mars, and beyond pic.twitter.com/LloN8AQdei
— SpaceX (@SpaceX) 29 сентября 2019 г.Илон Маск көпшілікке Starship ғарыш кемесінің 5 айда құрастырылған бірінші прототипін (Mk1) таныстырды. Ал екінші прототип (Mk2) қазір Кокода дайындалып жатыр. Ал Бока-Чикадағы инженерлер болса үшінші (Mk3) ғарыш кемесіне кірісуге дайын. Ал Кокодағылар екінші прототипті аяқтаған соң, төртіншісіне кіріспек.