Илон Маск бортына 100 адам сыятын Starship ғарыш кемесін көрсетті

Илон Маск бортына 100 адам сыятын Starship ғарыш кемесін көрсетті

Америкалық инженер Илон Маск әлемге бірнеше жыл бойы дайындаған Starship ғарыш кемесін таныстырды. Техастағы SpaceX-тің Бока-Чика полигонында өткен презентация 29-нан 30-на қараған түні YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Starship прототипінің биіктігі – 50 метр, диаметрі – 9 метр, ішіне қуатты үш Raptor қозғалтқышы орнатылған. Бортына 100 адам сыятын ғарыш кемесі планетааралық тасымалға (саяхатқа) арналған. Илон Масктың айтуынша, Starship Жер орбитасына 6 айдан кейін шығады, ал адамдарды тасымалдау 2021 жылға жоспарланған.

Starship және Falcon 1

"Келесі сынақ кезеңі – 20 километр қашықтыққа ұшып, Жерге қайта қондыру. Бұл сынақ шамамен екі айдан кейін болады", - дейді Илон Маск.

Илон Маск көпшілікке Starship ғарыш кемесінің 5 айда құрастырылған бірінші прототипін (Mk1) таныстырды. Ал екінші прототип (Mk2) қазір Кокода дайындалып жатыр. Ал Бока-Чикадағы инженерлер болса үшінші (Mk3) ғарыш кемесіне кірісуге дайын. Ал Кокодағылар екінші прототипті аяқтаған соң, төртіншісіне кіріспек.

Massaget.kz