Илон Маск Tesla-ға ұрлыққа түскендерді Бах музыкасымен қорқытпақ

Илон Маск Tesla-ға ұрлыққа түскендерді Бах музыкасымен қорқытпақ

Tesla мен SpaceX компанияларының атқарушы директоры және өнертапқыш Илон Маск автокөлік ұрыларына тосқауыл қоюдың жаңа жолын ұсынды. Бұл туралы ол өз твиттерінде хабарлады.

Алдағы уақытта Маск Tesla көліктерін арнайы қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етпек. Оның жоспары бойынша ұрыларды классикалық музыка арқылы қорқытуға болады екен. Машинаға ұры алғаш түскенде Себастьян Бахтың токкатасы мен фугасы ойнаса, одан кейінгілерінде туындылардың метал-нұсқасы қосылады.

Мұндай функция Sentry Mode режиміндегі электрокарларға қойылмақ. Алғашқы тәжірибелік модельдер ақпанда шығады. Маск автомобильдің жаңа опциялары туралы хабарлағанда, оны “Рик пен Морти” мультфильміндегі "Саммерді құтқару" эпизодымен салыстырды.