iOS 12 жаңартылған жүйесінде сіздің не балалардың қандай қосымшада неше уақыт отырғаныңызды білуге болады. Оған қоса кез келген қосымшаны қолдану уақытын шектеуге мүмкіндік бар. Дегенмен "Экран уақыты" немесе шектеуге арналған құпиясөз ұмытып қалсаңыз, біраз әуреленуіңіз қажет.
Мұндай жағдайда Apple толық қалпына келтіріп, құрылғының баптауларын қайта реттеу қажет. Дегенмен, бұдан да жақсы жолдар бар. App Store дүкенінде сізге көмек қолын созатын бірнеше бағдарламалар бар. Ең ыңғайлысы - Pinfinder қосымшасы. Гаджеттегі қосышма көшірме арқылы ұмытып қалған құпиясөзіңізді қалпына келтіруге болады.
Ол үшін төмендегі нұсқаулық қараңыз:
1. Pinfinder бағдарламасын жүктеңіз.
2. iPhone-ға қосылып, баптаулардың ішінен "Құрылғы" бөлімін тауып алыңыз.
3. Осы батырманы басу арқылы қосымша көшірме жасайсыз.
4. Егер iPhone-да жаңартылған iOS 12 жүйесі орнатылса, шифрланған көшірмені жасап, құпиясөзді жазыңыз.
5. Екі рет басу арқылы Pinfinder қосымшасын іске қосып, қажет болса құпиясөзді теріңіз.
6. Бірнеше минуттан соң қосымша ұмытып қалған құпиясөздеріңізді қайта қалпына келтіреді.
Міне, осылайша ұмытқан құпиясөзіңізді есіңізге түсіріп, телефоныңызды оңай қосып аласыз.