"Сұр түсті реңк" режимі iPhone-да iOS 8 шыққанда пайда болды. Қолданушыға бұл функция смартфонға тәуелділіктен айығуға көмектеседі, дейді психологтар.
Экранды сұр түсті етіп өзгерту үшін, "Баптаулар" → "Негізгі" → "Әмбебап мүмкіндік" → "Дисплей адаптациясы" командаларын орындау керек. Кейін "Түс фильтрлері" бөліміне өтіп сұр түс реңкін қосу керек.
Жарқын, айшықты, түрлі түстер адамды оңай баурап алады. Жарқыраған экран адамды смартфонға сағаттап қарап отыра беруге мәжбүрлейді, себебі түрлі-түсті кескін түрлі қызық нәрселерге жетелеп, адам зейінін жаулап алады. Ал сұр дисплей бұл механизмді өшіреді. Смартфон тартымдылығынан айырылады.
"Мен экранымды сұр қылған соң, бір жағынан мазасызданып, бір жағынан жеңілдеп қалдым, – дейді редактор, жазушы Меган Гольштейн. – Басында телефонды қолданып болған соң, үй іші сұрланып кеткендей көрінетін. Кейін ғайыптан бөлме іші жарқырай түсті. Мен тіпті сыртқа жиі шығып, өмірдің әр сәтінен ләззат алуға талпына бастадым".
Меган өмірінің қымбат сағаттарын Instagram мен Snapchat сияқты бағдарламаларға ысырап қылуды доғарады. "Мен кейін түрлі-түсті дисплейді қайта қалпына келтіріп көрдім, бірақ ол мен үшін тым жарқын болып кетті. Нәтижесінде оны қайтадан сұр түске ауыстырып қойдым, бұл жолы мәңгілікке".
Бұл режим құрылғының жұмыс өнімділігіне еш әсер етпейді.