iPhone атылған оқтан аман алып қалды

iPhone атылған оқтан аман алып қалды
Фото: pisec.net

Түркияның Диярбақыр аумағындағы атыс кезінде бір әскери адамның өмірін Apple компаниясының өнімі сақтап қалды. Мұстафа Бозоклар есімді жауынгердің кеудесіне бағытталған оқ алғаш телефонға тиіп, жылдамдығы баяулағандықтан, сарбаз аса зақымданбаған.

Күрдтермен қақтығыс барысында орын алған оқиға iPhone телефонның күшті екенін де дәлелдеп берді. Мұстафа өмірін сақтап қалғаны үшін Apple компаниясына алғысы мол.
Қазіргі уақытта жауынгердің жағдайы жақсы, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

B. ZHAQSYMBET