iPhone 13 қашан таныстырылады?

Apple компаниясы жаңа өнімдерін 14 қыркүйек күні таныстырады. Бұл туралы bloomberg басылымы хабарлады. 

"Калифорниядан тікелей эфир" деп аталатын салтанатты кеште iPhone 13 смартфонының 4 түрі, дисплейі өзгеше жасалған жаңа Apple Watch сағаты, Air Pods құлаққабының жаңарған нұсқасы, iPad пен MacBook Pro-ның жаңа моделі таныстырылады деп күтілуде. 

Тікелей эфир компанияның ресми YouTube арнасында және Apple TV сервисінде өтеді. Таныстырылым COVID-19 пандемиясына байланысты онлайн режимде өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 23:00-де басталады. 

Жаңа iPhone 13 смартфондарының қуат көлемі артады. Бірақ бұдан пайда шамалы: бұл өзгерістер 120 Гц экран режимін адаптивті сканерлеумен күресу үшін қажет — смартфондар экрандағы мазмұнға байланысты оңтайлы кадр жиілігін өз бетінше таңдай алады. Сондай-ақ 12 сериясындағы смартфондарға қарағанда камерасының сипаттамасы жақсара түскен.