- Негізгі бет
- Техно
- Huawei смартфондар нарығын...
Huawei смартфондар нарығын қалай өзгертіп жатыр?
2016 жылы тұрмыстық электроника саласындағы екі ең танымал компанияның біріккен алғашқы туындысы, Huawei P9 смартфоны жарыққа шықты. Атақты Leica брендімен серіктес атанған Huawei компаниясы, екі объективті смартфон шығарып, қолданушыларға жаңа ерекше өнім сыйлады.
Девайс несімен ерекше болды: екі матрица, екі ядролы сурет процессоры, ықшам және сәнді минималистік дизайн. Осының бәрі Huawei P9-ға нарық лидерлері арасында бәсекелес атануға ықпал етті. Нарыққа шыққанан кейін 12 миллион құрылғы сатылып кеткен. Huawei P9 бен Huawei P9 Plus көбіне Қытай, Франция, Финляндия және Ұлыбританияда сұранысқа ие болды.
P9 бен Huawei P9 Plus сатылымы алдыңғы флагман Huawei P8-дің көрсеткішінен 130 процентке асып түскен. IDC пен Strategy Analytics дерегі бойынша, бұл нәтижелер смартфондардың әлемдік нарығындағы Huawei-дің үлесін 8,5 процентке арттырып, компанияның үздік үштікте тұрақтауына сеп болды.
Смартфон нарығы өте жылдам дамып жатыр, мұнда өз позицияңды сақтап қалу қиынның қиыны. Мысалы, 2018 жылдың екінші жартысында Huawei Apple компаниясын басып озып, мобильді гаджеттер сатылымы бойынша әлемдегі екінші позицияға ие болды. Бұған Huawei әбден лайық еді, себебі компания өз тұтынушыларының қажетін барынша жетік орындауға тырысады. Mәселен Huawei P10 компанияның қос Leica камералы екінші, фронтал камералы (Leica), екінші деңгейлі оптикалық зумы бар смартфоны.
2018 жылы 54 миллион телефон сатып, Huawei өз көрсеткішін өзі жаңартты – бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 41 процент көп. Мұндай жетістікке негізінен компанияның флагмандары Huawei P20 мен P20 Pro модельдері жетелегені анық. Huawei P20 Pro – үш негізгі Leica камерасы бар тұңғыш смартфон. Ол сондай-ақ DxOMark рейтингінде 109 ұпай жинаған бірегей смартфон (смартфон әлі де 1-орында).
Huawei P20 Pro-да алғаш рет градиент корпус қолданылды. Айтары жоқ, компания бұл тұрғыда трендсеттер болды: градиент қаптамалар P20 мен P20 Pro шыққаннан кейін өзге брендтерде пайда бола бастады. Одан бөлек, Huawei P20 флагмандары жасанды интеллектке негізделген Kirin 970 процессорымен жұмыс істейтін компания өнімдерінің екінші легі атанды.
Сарапшылар 2018 жылды Huawei-дің жылы деп атайды. Компания бүкіл әлем бойынша 206 миллион смартфон сатып, Samsung-тың өзін артта қалдырды (бір Ресейдің өзінде). Huawei-дің осынша қысқа уақытта нарықтың белді өкілі атануына ауқымды модельдер, белсенді маркетинг пен ритейлер, операторлар акциялары сеп болды.
Бірақ, ең бастысы – инновациялар, қолданушылардың қызығушылығына бағытталған технологиялар, сондай-ақ Huawei-ді ғана емес бүкіл нарықты алға итермелейтін бірегей шешімдер.
Қазір әлем 26 наурыз күні Парижде өтетін Huawei P30 сериясының таныстырылымын тағатсыз күтіп отырғаны анық. Үздік камералар, заманауи дизайн және жасанды интеллект. Тағы не күтуге болады?
Серіктес материалы
Massaget.kz