Huawei Nova 5i Pro: 5 камера және жақтаусыз дизайн

Huawei Nova 5i Pro: 5 камера және жақтаусыз дизайн
Фото: Hi-Tech Mail.ru

Смартфон нарығындағы фавориттердің бірі Huawei компаниясы Қытайда жаңа смартфонын таныстырды. Nova 5i смартфонының толықтырылған түрі Nova 5i Pro деп аталады. 5 түрлі камерасымен, сымсыз қуаттағышымен, мықты процессор және тартымды дизайнымен ерекшеленген бұл смартфон Android 9 Pie операциялық жүйесінде жұмыс істейді.

Аталған смартфонға Kirin 810 процессоры қойылған. Негізгі камера 4 модульден тұрады: ең негізгі 48 Мп, кеңбұрышты 8 Мп, қалған 2 камера 2 Мп және олар қосалқы функцияларға ие. 4 камера смартфонның артқы бөлігіне төртбұрышты формада орналастырылған. Ал 32 Мп селфи-камера экранның жоғарғы сол жағында тұр.

Смартфон аккумуляторының қуаттылығы – 4000 мА. Сим картаға арналған 2 слот жұмыс істейді және оның екіншісі micro SD картасын қабылдайды.

Телефон 2 тамыздан бастап Қытайда сатылымға шығады.

А. Қажиев