- Негізгі бет
- Техно
- Huawei Mate20 Pro-ның...
Huawei Mate20 Pro-ның жасанды интеллекті Шуберттің аяқсыз қалған симфониясын жазып бітірді
Huawei жасанды интеллект күші мен адамзат тәжірибесін үйлестіріп, Шуберттің 197 жыл бойы аяқсыз қалған №8 симфониясын жазып бітірді. Музыкалық композицияны аяқталған бөлімімен қоса алғаш рет ағылшын сессиялық оркестрі лондондық Кадоган Холлдағы 500-ден аса қонақ алдында орындады.
Симфонияның аяқсыз қалған бөлімі Huawei Mate20 Pro смартфонындағы қос NPU-дың (нейронды процессор) есептеуіш қуатын пайдаланған жасанды интеллект арқасында жазылып бітті. Ол симфонияның бірінші және екінші бөліміндегі дыбыс тембрін, күшін және метрін талдап, соның негізінде аяқтап шықты. «Эмми» сыйлығының лауреаты, композитор Лукас Кантор жазылған әуеннің негізінде және Шуберттің №8 симфониясының стилін сақтай отырып, оркестрлік партитура жасап шықты.
"Технология арқылы әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген Huawei-дің талпынысы ерекше. Біз жасанды интеллектінің қабілетін қолданып, технология заманауи мәдениетке қалай үлес қоса алатынын көрсеткіміз келді. Егер Mate20 Pro-ның 200 жылдық тарихы бар, аяқсыз қалған туындыны жазып бітіретін қабілеті болса, болашақта оның не істей алатынын елестету қиын" - дейді Батысеуропалық аймақтағы Huawei компаниясының тұтынушыларымен жұмыс істеу бизнес-тобының президенті Уолтер Джи.
Лукас Кантор, композитор: "Мен жасанды интеллектінің туындысы симфониялық оркестрге ыңғайланып, ықшамдалуына көмектестім. Мұндай тәжірибе Huawei компаниясының жасанды интеллект технологиясы үлкен мүмкіндіктер сыйлап, заманауи мәдениетке ерекше ықпал ете алатынын көрсетеді".
Шуберттің №8 си минор симфониясы архетиптік "аяқталмаған симфония" саналады. Әлемдік өнертанушылар Шуберт өз пьесасын не себепті аяқтамады деген сұраққа жауап таба алмай келеді. Бірі композитордың денсаулығы мүмкіндік бермеді десе, бірі музыкадан тыс жұмыстары кедергі болды дейді.
Huawei компаниясының өнімдері әлемнің 170-тен аса елінде сатылады және планетаның үштен бірі компания өнімдерін пайдаланады. Қазақстанда компания 1998 жылдан бері бар және бүгінде үш бизнес-топқа бөлінген: Huawei Carrier қазақстандық байланыс операторларымен жұмыс істейді, Huawei Consumer смартфон, планшет, ноутбук және түрлі аксессуарлар өндіреді, Huawei Enterprise корпоративтік клиенттерге IT-жабдықтар ұсынып, жұмыс процестерін оңтайландырады.
Серіктес материалы
Massaget.kz