- Негізгі бет
- Техно
- Huawei қалай 2018...
Huawei қалай 2018 жылы IT-нарықты өзгертіп жіберді?
2018 жыл техноиндустрия үшін тосын жайттарға толы болды. Себебі басында жетекші компаниялар минорлы апдейттармен шектеліп, VR, AR-ды ермек етіп, жасанды интеллект тағы бір аса маңызы жоқ қасиетке ие болып, бір-екі стартап топ жаратындай көрінген.
Ал Huawei компаниясынан біршама нәрсе күтуге болатын еді, бірақ Huawei технологиялық бәйгеде жетекші брендке айналады деп ешкім ойламады. Huawei Mobile Apple компаниясын артта қалдырып, 2018 жылдың екінші және үшінші кварталында смартфондарды сату көлемі бойынша екінші компанияға айналды. Бұл жай ғана сандар. Одан гөрі компанияның технологиялық жетістіктері әлдеқайда қызық.
Mobile World Congress
Компанияның бүгінгі жетістіктері бір жылда келген жоқ. 2015 жылдың өзінде қытайлық техногигант өндіріп шығарылған смартфон саны бойынша әлемдегі үшінші компания атанып, өз мақсатының біршама биік екенін көрсетті. Жасанды интеллект тәжірибелері, Android-қа арналған өз қабықшасы және германиялық әйгілі Leica компаниясымен серіктестік жақсы нәтиже көрсетті. Huawei өзгелермен қатар тұруды қаламайтынын білдіріп, Барселонадағы Mobile World Congress көрмесінде P сериялы флагмандық модельдерді таныстырудан бас тартты.
Біраз технологиялық компания үшін дәл осы Барселонадағы көрме есепті жылды ашады. Экспоорталықтағы алаңдар – технологиямен мақтанып, өнімді көрсетуге болатын жақсы аймақ. Huawei-дің маркетинг бөлімі тек 5G-байланыстағы жаңартулар мен екі сәтті өнімді көрсетуді шешкен екен. Олар – Huawei MediaPad M5 планшеттер сериясы мен MacBook-тің басты бәсекелесі деп бағаланған Huawei MateBook X ноутбугы.
Бес аптада жасалған автопилот
Дәл сол уақытта, Барселонадағы көрме кезінде желіде компанияның жеке серіктесі Porsche автомобилі жасанды интеллект басқаруымен итті қағып кетпей, қақтығыстың алдын алып жатқан видеосы пайда болды. Автопилот функциясына Huawei компаниясының Mate10 Pro флагманы жауап береді. Ад оған жасанды интеллектпен интеграцияланған әлемдегі алғашқы Kirin 970 чибі орнатылған.
Драмалы видеоның соңы жақсы аяқталады: автопилот кедергіні танып, көлікті орағытып әкетеді. Видеороликтен кейін Huawei басқаруындағы жаңа автопилоттың пайда болуы мүмкін деген болжамдар көбейді, бірақ жыл соңына дейін мұндай технология шыққан жоқ. Huawei компаниясының қолдауымен, қытайлық интернет-гигант автопилотты жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2019 жылы оның жетілген нұсқасы шығып қалуы мүмкін.
Бәлкім, жылдың үздік смартфоны
P11-дегі үш камера туралы қауесет тарап жатты. Бәрі P сериясының келесі моделі жайлы болжам жасады. Бірақ презентация болатын күнге дейін ешкім ештеңе білген жоқ.
27 наурызда Париждегі Grand Palais ғимаратында компанияның ең алғашқы әлемдік презентациясы өтті. Huawei-дің бас атқарушы директоры Ричард Ю жыл соңына дейін тұтас индустрияның трендіне қазық болған жаңа революциялық P20 смартфондарын таныстырды.
Huawei қолданушыларын бәрінен бұрын жасанды интеллектінің жаңалықтары қызықтырды. Жаңа алгоритм суретке түсіру кезінде қаншалықты жетік екенін көрсетті. 300-ге жуық дайын сценарий, көрініс аналиткасы, объектінің ерекшелігіне сәйкес келетін баптауларды автоматты түрде қолдану, бет-әлпетті тану функциясы сынды жаңа инновациялар нарыққа жаңа серпіліс әкелді.
Инновациялардың акутуал болуына Huawei-дің көпжылдық серіктесі германиялық Leica компаниясының көмегі тиді. Бәрі күткендей смартфондарға үшінші камера орнатылған: 40 мегапиксельдік негізгі камера, кескіннің детализациясы, қанықтығына жауап беретін 20 мегапиксельдік моносенсор және қосалқы үшөлшемді зум-объектив.
Негізгі сенсор қараңғыда да анық суреттер шығара алады, максимал жарықсезгіштігі – 102400, бұл – Canon EOS5DMarkIV жартылай кәсіби фотоаппаратымен бірдей көрсеткіш. Фотокамера атаулыға баға беретін беделді DxOMark-тың тәжірибелері көрсеткендей, Huawei P20 Pro 2018 жылдың үздік камерафоны атанды.
Kirin 980 – тұңғыш 7-нанометрлі процессор
Халықаралық IFA 2018 тұрмыстық электроника мен техника көрмесінде Huawei Consumer Business Group-тың бас директоры Ричард Ю жаңа революциялық Kirin 980 процессорын таныстырды. Бұл – әлемдегі 7-нанометрлі технолгиялық процесс қолданылған тұңғыш коммерциялық чипсет. Kirin 980 чипсеті өнімділік жағынан едәуір қабілетті. Huawei үшін бұл анонстың стратегиялық маңызы жоғары болды. Компания технологиялық мүмкіндігі жоғары чипсетті көрсетіп үлгерді, бірақ оны орнататын құрылғы әлі дайын емес еді. Мұны Apple өз пайдасына асырып кетті. Бір айдан кейін америкалық компания iPhone смартфонының жаңа модельдерін таныстырды. iPhone XS смартфонына дәл сол 7-нанометрлі техпроцесс үлгісімен жасалған жаңа A12 Bionic процессоры орнатылған еді. Тосын сыйдың быт-шыты шыққандай көрінген. Бірақ...
Mate20 Pro – жаңа флагман
17 қазан күні Лондонда Ричард Ю жаңа Mate20 сериялы смартфондарын таныстырды. Бұл Huawei компаниясы өзі жасаған Kirin 980 процессорымен жұмыс істейтін алғашқы смартфондар еді. Флагманның біраз ерекшелігі тамызда интернетке тарап кеткен еді. Тіпті анонсқа дейін үш камерадан, бір жарқылдақтан тұратын квадрат блоктың болатыны белгілі болды. Оның бәрі презентацияның әсерін еш құрта алған жоқ.
Маңдай алды көпядролы орталық және графикалық архитектураның енгізілуі құрылғының едәуір жылдам жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Ал нейрожүйелік процессор арқасында өнімділік біршама артқан. Жаңа өнім арқасында орталық процессордың өнімділігі 75 пайызға, энергиялық тиімділік 52 пайызға өскен.
Осындай инновациялар жарыққа шығып жатқанда оны ойын индустриясына енгізу мүмкіндігі туды. Арнайы геймерлер үшін Huawei X нұсқасы жасалды. Экраны – 7,2 дюйм, бірегей салқындатқыш жүйесі бар батареясының сыйымдылығы – сағатына 5000 мА.
Жасанды интеллект тек суреттерді ғана жақсартпайды, Huawei Mate20 Pro арқылы кез келген объектіні идентификациялап интернеттен іздеуге болады. Көптеген онлайн-ритейл алаңдармен жасалған келісімшарттар арқасында қолданушы тауарды бірден тауып алып, тапсырыс бере алады. Калориметр камера арқылы нұсқаған объектілерді талдап, оның құрылымын бағамдап өнімнің калория деңгейін анықтап береді. Ал 3D-сканерлеу технологиясы кез келген объектіні сандық формаға келтіріп, анимация параметрлерін енгізіп VR-өңдеу жасай алады. Мұның бәрінің қызықтыратын қырынан бөлек қолданбалы функциясы да бар, мысалы балалардың танымын арттырғанда немесе күрделі ғылымдарды үйреткенде қолдануға болады.
Huawei-дің Астанадағы демоорталығы
Қараша айының басында президент Назарбаев Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркінде болып қайтты. Технопаркте Huawei инновациялық демоорталықты таныстырды. Ол компания инженерлері бірігіп жұмыс істейтін, жаңа инновацияларды жасап, сынақтан өткізетін орталық болмақ.
Инновациялық орталықтың негізгі бағыттары – қаржы орталығы, тасымал құралдары, энергетика, мұнайгаз саласы, “ақылды қала” жобасы негізіндегі қоғамдық қауіпсіздік.
Презентация барысында Қазақстанда 5G байланыс жүйесінің болашағы талқыланды.
“Huawei әлемдік көшбасшылардың бірі және 5G-дің толық спектрінің бойынша жалғыз тасымалдаушысы ретінде Қазақстанда бесінші деңгейлі байланыс жүйесін енгізуге талдау жасап, атсалысуға дайын екенімізді мәлімдейміз”, - деді "Хуавей Текнолоджиз Казахстан" ЖШС бас директоры Чжан Цинго.
Демоорталықтың тағы бір мақсаты – оны дарынды жас мамандар мен ғалымдарға арналған оқу орталығы ретінде қалыптастыру.
Презентация кезінде Қазақстан президентіне Mate20 Pro флагманы да таныстырылды.
EMUI 9.0
Жыл соңында Huawei фирмалық қаптамасын EMUI-дың жаңа нұсқасын шығарды. Тоғызыншы нұсқа бұрынғыдан да интуитив және ықшам етіп жасалған. Екінші буындағы GPU Turbo интеллектуал анализ арқылы ауыр тапсырмаларды оңтайландырып, өнімді жұмыс істейді және қуатты да жақсы үнемдейді. Жаңа қаптама бұрынғысынан 12,9 пайызға жылдамырақ жұмыс істейді және онда HiVision қосымша шынайылық функциясы да бар. Сондай-ақ EMUI 9.0-де құпия сөздерді қауіпсіз сақтайтын жүйе енгізілген. Ал Digital Balance панелі бағдарламаларға құртқан уақытты есептеп отырады.
Бенчмарктар
Жыл соңына қарай Antutu әлемдік бенчмаркы қорытынды жасап, Android операциялық жүйесіндегі үздік смартфонды анықтады. Аталған рейтингке сәйкес, Huawei Mate20 смартфоны 306 608 балл жинап үздік атанды. Ал DxOMark рейтингінде P20 Pro моделі 109 баллмен әлі де бірінші орында тұр. Төрт баллға iPhone XS Max смартфоны қалып келеді және одан 3 балл төмен Huawei P20 смартфоны орналасқан. Келесі Huawei флагманы шыққанша бұл рейтингтің үздігі жаңармайтын түрі бар.
Компаниядан 2019 жылы не күтеміз?
2019 жылы басты тренд 5G технолгиясының енуі болмақ. Жылдың екінші жартысында Huawei жаңа байланыс жүйесін толығымен игерген смартфонды шығарады деген болжам бар. Бұл P сериясының жаңа смартфоны болуы екіталай. Себебі оның анонсы ақпан-наурыз айларына жоспарланған. Десе де Huawei компаниясының еуропалық бөлім президенті Вальтер Джи БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жаңа жүйе бірінші жартыжылдықта шығады деп мәлімдеген еді.
P сериясының жаңа моделіне қатысты қауесет өріп жүр. Алғашқы рендерлер сенсек, келесі P-гаджетте төртінші камера пайда болмақ. Бәлкім, дәл осы төртінші модуль 10 есе оптикалық зум қабілетіне болуы мүмкін. Сондай-ақ жаңа модель Kirin 980 емес, жаңарған 985 негізінде жұмыс істеуі мүмкін.
2019 жылы Honor желісімен толық танысумыз керек (компанияның Қытайдағы еншілес компаниясы). 2018 жылдың екінші жартысында Honor желісінің сатылымы 150 пайызға өскен, компания ішкі нарықта шамамен 4 миллионнан аса өнім сатқан. Әрине, 54 миллион сатылымның (компания екінші жартыжылдықта осынша смартфон сатқан) қасында айтарлықтай нәтиже емес, бірақ компанияның бюджетті желіні дамытуына себеп бар.
Тағы бір қызық нәрсе компанияның тұтынушылар электроникасы нарығындағы рөлі болмақ. 2018 жылдың желтоқсанында компания ақылды таразы шығарды. Ол дене салмағының индексін өлшеп, май басу көлемін пайызбен көрсете алады. Құрылғы смартфонмен байланыстырылып, ағзаның "картасын" жасап береді. Сондай-ақ үйді сырттай бақылауға арналған, 360 градусқа шолу жасай алатын IP-камера, жинақы фотопринтер мен смартфонға арналған стабилизатор таныстырылды.
Серіктес материалы
Massaget.kz