ХХ ғасырдың ең беделді астрономдарының бірі Эдвин Хаббл атындағы Хаббл ғарыш телескобы 1990 жылы 24 сәуірде Discovery ғарыш кемесін пайдаланып орбитаға шығарылды. Бұл NASA мен Еуропалық ғарыш агенттігінің бірлескен жобасы және қазіргі уақытта 569 шақырым биіктікте орналасқан ғажайып құрылғы. Мінсіз орналасуының арқасында 2,4 метрлік телескоптың айнасы 30 жылдай ғарышқа ашылған “терезе” сынды қызмет етті. Мысалы, жақында телескоп бір фотода 265 000 галактиканың жиынтығын көрсетті. Телескопты қолдану құнды, бірақ мәңгі емес.
Хаббл телескобы қанша уақыт “өмір сүреді”?
astronomy.com сайтының хабарлауынша, әр астрономның ең жақсы досы – Хаббл телескобы “зейнетке шығуға” дайындалып жатыр. Құрылғының негізгі құралдарына аяқасты зақым келмесе, телескоп өз жұмысын 2021 жылдың 30 маусымына дейін жалғастырады. Дәл осы уақытқа дейін NASA ғарыштық агенттігі телескоппен байланысты барлық операцияларды ресми түрде қаржыландырды.
Хаббл телескобы Жер атмосферасы мен Жер орбитасы арасындағы шекаралық аймақта орналасқандығына байланысты, ол Жерді айналғанда ауадан қарсылықты немесе үйкелісті сезінеді. Егер NASA қандай да бір себептермен Хаббл миссиясын 2021 жылы ұзарту туралы шешім қабылдаса, онда құрылғы 2030 жылдың ортасына таман бәрібір Жерге құлайды.
Қазіргі уақытта телескоптың көптеген құралдары толық қуатта жұмыс істеп жатқанына қарамастан, ғарыш аппараты “зейнет жасына” әлдеқашан жеткен. Сонымен, Hubble-дің кейбір бөліктері енді дұрыс жұмыс істемейді және құрылғы қабылдаған мәліметтерді нақтылығына кепілдік беру үшін қосымша өңдеуді қажет етеді. Алайда, мұндай шектеулерді ескере отырып, сарапшылар телескоптың әлі күнге дейін ғылым үшін баға жетпес құндылық екенін мойындайды.
Хаббл телескобы адамзат алдындағы маңыздылығын жақын арада жоғалта қоймайды. Бұл ең алдымен NASA жасаған Джеймс Уэбб ғарыш телескопының Хабблдің тікелей мұрагері емес екендігіне байланысты. Шын мәнінде бұл екі телескоп бір-бірін толықтырып отырады. Өйткені Хаббл инфрақызыл толқындардың жақын диапазонында мүмкіндіктері шектеулі болса, Джеймс Уэбб телескобы жұлдыздар мен планеталардың, тым алыс галактикалардың және тіпті экзопланеталардың атмосферасының пайда болуы сияқты құбылыстарды зерттеуге өте ыңғайлы. Инфрақызылда жақсы көрінеді. Алайда, Хаббл жарық спектрінің ультракүлгін және оптикалық диапазонында бақылау үшін өте қолайлы және Жердің атмосферасы ультракүлгін сәулелерін қоршайтындықтан, Хаббл Джеймс Уэбб телескобы көре алмайтын нәрселерді көре алады.
Басқаша айтқанда, NASA телескоптың кейбір құрылғыларын ауыстыратын болса, Хабблдың жұмысын 2021 жылдан да ары қарай созуы мүмкін. Әйтпесе, Хаббл адам қолымен жасалған кез-келген басқа спутник сияқты Жер бетіне құлап жойылып кетеді.